Блокчейн технологияларды қолдану салалары: шетелдердегі құқықтық реттеу тәжірибесі

Authors

  • B.Zh. Aitimov
  • G.A. Ilyassova

DOI:

https://doi.org/10.31489/2024l2/122-130

Keywords:

personal data, blockchain, personal data collection, personal data processing, cryptocurrency, smart contract, information

Abstract

Заманауи цифрлық технологиялар барған сайын адам өмірінің түрлі салаларына еніп келеді, сондық-
тан да мемлекеттер жаңа технологиялық сын-қатерлерге бейімделуге дайын болуы тиіс. Сонымен қа-
тар цифрлық инновациялар саласындағы мемлекеттік стратегияларды қалыптастыру тәуекелдерді
жан-жақты бағалауға және технологияларды қолдануда барлық болуы мүмкін жағдайларды ақылға
қонымды негіздеуге сүйенуі тиіс. Зерттеудің мақсаты блокчейн технологиясын қолданудың шетелдік
тәжірибесін, тиісті салаларда қолданудың ерекшеліктерін, оның құқықтық реттелуіне шолу және оны
жетілдіруге қажетті заңнамалық ұсыныстар беру. Зерттеу барысында шетелдердегі денсаулық сақтау,
электронды үкімет, криптовалюта, биржалық сауда, нотариат және т.б. салаларда блокчейн техноло-
гиясын қолданудың тетіктері, осы қатынастарды құқықтық реттеу ерекшеліктері мен блокчейн техно-
логиясын Қазақстанда пайдаланудың қазіргі уақыттағы қажеттіліктері талданды. Сонымен қатар
блокчейн технологиясын Қазақстан Республикасында қолданудың қазіргі жағдайына тоқталып, оны
құқықтық реттеудің нормативтік қамтылуында ескерілуі тиіс тұстары анықталды және тиісті заңнама-
лық ұсыныстар тұжырымдалды. Тақырыптың өзектілігі дербес деректерді жинау, өңдеу, сақтау мен
қорғауда адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету бір ғана мемлекетпен шешілетін мәселе
емес, әлемдік деңгейде шешілуі тиіс мәселе болып отырғанымен сипатталады. Қазақстан Республика-
сының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнамаға жақын арада қабылдаған өзгерістер мен толықты-
рулар қабылданған және олар дербес деректерді қосымша қорғауға бағытталған. Тәжірибеде бұл заң-
намалық актілер адам мен азаматтың деректерін жинау, өңдеу мен сақтауда құқықтарды қаншалықты
қамтамасыз ететіні зерттеу барысында қарастырылды.

Downloads

Published

2024-06-18

Issue

Section

CIVIL LAW AND CIVIL PROCEDURE LAW